Басты бетЖаңалықтарЕлімізде металл...

Елімізде металл өңдеу көрсеткіші 4,3%-ке кеміген

Үкімет отырысында қайта өңдеу өнеркәсібінің ахуалы туралы мәлімет берген өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев металл өңдеу келемі 4,3%-ке кемігенін айтты.

Металлургия саласында төрт пайыздан астам (4,3%) төмендеу байқалады. Бұған металлургия зауыттарындағы негізгі пештерді жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу жұмыстары әсер етті. Алайда, индикатордың динамикасы қалпына түсіп келе жатыр, — деді министр.

Оның сөзінше, былтыр жалпы ішкі өніміндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 13,4% болған.

Өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі сегіз ай ішінде 14 триллион теңге болып, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 3,1%-ке өсті. Салалар бөлінісінде тұрақты өсім 28,1% көрсеткішпен машина жасау саласында байқалып отыр. Бұл автокөлік құралдары (+42,2%), машиналар мен жабдықтар (+22,5%) және электр жабдықтарын (+34,3%) шығару есебінен мүмкін болды, — деді Қанат Шарлапаев.

Ал жеңіл өнеркәсіп саласында тоқыма өндірісі 35,9%-ке өскен.