Қызылорда облысында өңдеу өнеркәсібі белсенді дамып жатыр

Бірақ аймақ өңірлік экономиканы әртараптандыруға бет алды. Индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығы аясында облыста 554 миллиард теңге қаражатқа 6 мыңнан астам жұмыс орны құрылатын 26 жоба іске асуда. Олардың ішінде шыны, кальцийленген сода, пластик шыны және сорғы-компрессорлық құбырлар шығару, түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру, ет комбинаты, құс фабрикасы бойынша өндірістер құруға бағытталған экспортқа бағдарланған индустриялық жобалар бар. «Арал тұз» АҚ-да ас тұзын өндіру бойынша 3 испан цехын құру, «Шалқия» қорғасын-мырыш кен орнында КБК салу, кварц құмдарын байыту бойынша жобалар іске асырылуда.

Тек осы жобалар аясында ағымдағы жылы өңір экономикасына 25 миллиард теңгеден астам инвестиция салу жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, құрылыс индустриясы саласында, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бойынша, сондай-ақ, шыны және химиялық кластерлер саласында кәсіпорындар құру бойынша құны 62 миллиард теңгеден асатын 27 жаңа инвестициялық жобаны іске асыру басталады.

Осы жылдың басынан бастап Қызылорда облысының өңдеу өнеркәсібінде өнім өндіру көлемі 3,4% өсті.