2023 жылдың сегіз айында шамамен 6,8 миллион әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.
Бұл туралы бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің орталықтандырылған деректер банкі мәліметтерінде жазылған.
5,5 миллион құқық бұзушыға 128,2 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 88,3 млрд теңгесі өндірілді.
Айыппұлдардың басым бөлігі немесе 4,6 миллион айыппұл алғашқы 7 тәулік ішінде 44,1 миллиард теңге сомасына 50% жеңілдікпен төленді. Биыл әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу көрсеткіші 68,8% болды. Ең көп айыппұл салынғандар:
Алматыда – 16,8 миллиард теңге сомасына 1 миллион құқық бұзушылық, 12,7 миллиард теңге төленді.
Астанада – 12,7 миллиард теңге сомасына 800 мың құқық бұзушылық, 8,6 миллиард теңге төленді.
Ең аз Павлодар облысында 11,8 миллиард теңге сомасына 92 мың айыппұл салынған, оның 11,3 миллиард теңгесі төленген.
Барлық әкімшілік құқықбұзушылықтардың 95%-ын ішкі істер органдары анықтаған.
Ішкі істер органдары 5,3 млн құқық бұзушыға шамамен 68,4 млрд теңге көлемінде айыппұл салған, оның ішінде мемлекет бюджетіне 51,7 млрд теңге түскен.
Айыппұлдардың негізгі бөлігін фото-бейнетіркеу камераларымен тіркелген құқық бұзушылықтар құрады, олар бойынша 38,1 млрд теңге сомасына 3,4 млн астам ұйғарым шығарылды.