Азия ойындарында Қазақстан құрамасы тағы бір қола медаль иеленді

Қазақстандық спортшы Виктория Бутолина Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында батуттық гимнастикадан қола медаль иеленді.

Бұл туралы туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ол финалда өзінің көрсеткен өнері үшін 52.600 ұпай олжалады.

Алтын медальды қытайлық 56.720 ұпаймен Сюэин Чжу алса, 55.790 ұпай жинаған тағы Ичэн Ху (ҚХР) күміс алды.

Жалпы қазіргі уақытта Қазақстан қоржынында 37 медаль бар. Оның 26-сы – қола медаль.