Бос білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

4000-нан астам талапкер мемлекеттік білім грантын алды. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Республикалық конкурстық комиссияның шешімі негізінде жазғы қабылдау науқанының қорытындысы бойынша конкурстық тағайындаудан кейін бос гранттар қалды. Сол гранттар студенттерге тағайындалды.

Гранттардың басым көпшілігі педагогикалық және инженерлік ғылымдар, сонымен қатар «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» салаларына бөлінді, — делінген министрлік мәліметінде.

Бос гранттар иегерінің тізімін мына жерден жүктеп алуға болады.