Басты бетЖаңалықтарҚарағандыдағы жылу...

Қарағандыдағы жылу электр орталығында апат болды

Қарағандыдағы жылу электр орталығында апат болып, салдарынан қала тұрғындары жарықсыз қалды.

Жылу электр орталығы-3-те қорғанысты іске қосу түріндегі технологиясы бұзылып,  220 кВ сыртқы тарату құрылғысы сөнген.

Себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Сонымен қатар электр қуатынсыз қалған абоненттер саны да анықталып жатыр, — деп хабарлады Қарағанды әкімдігінің баспасөз қызметі.