Синоптиктер 2023 жылғы 28-30 қыркүйек аралығында Қазақстанда күн райы қалай болатынын айтты.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 28-29 қыркүйекте еліміздің шығысында түнде -1-3°С үсік жүреді.
Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күндіз ауа температурасы +17+23°C-қа дейін, таулы аймақтарда +8+13°С-қа дейін төмендеуі мүмкін, – делінген хабарламада.
Болжам бойынша, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады.
Тек Қазақстанның батысында күн ашық болады, түнде және таңертең Қазақстанның солтүстік жартысында, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда тұман түседі, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК мамандары.