Жамбыл облысында клиенттерге ақша үшін қыздардың интим қызметтерін ұсынған кафелерді анықталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Заңсыз қызметті ұйымдастыруда ойын-сауық мекемесінің әкімшісі күдікті деп ұсталды.
50 жастағы әйелге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Ұсталған адам өз кінәсін толығымен мойындады, қазіргі уақытта келу туралы міндеттемемен босатылды. Қолма-қол ақша және телефон түріндегі заттай дәлелдемелер алынды.