Басты бетЖаңалықтарМаңғыстау облысында...

Маңғыстау облысында жалған доллар сатқан адам ұсталды

Ұсталған азамат номиналы 50 АҚШ доллары болатын жалған ақша купюраларын сатумен айналысқан. Бұл туралы Қаржы мониториң агенттігі хабарлады.

Нәтижесінде жалпы сомасы 3850 доллар болатын жалған валюта тәркіленді. Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

Күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Өзге тұлғалардың заңсыз әрекетке қатыстылығын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр, — делінген ведомствоның хабарламасында.