Жаңа оқу жылында мүгедектігі бар, ерекше балаларға арналған инклюзив орталықтардың да жағдайы ұмыт қалмауы керек. Бояу шығаратын PPG Tikkurila компаниясы осыны ескеріп, «АРДИ» қарқынды оңалту орталығының ата-аналарымен бірігіп, олардың ғимаратын әрледі. Сөйтіп балалардың қуанышының себепкері болды. PPG Tikkurila арт-орталықты қалай әсемдеді? Baribar.kz тілшілері олардың атқарған жұмысын көріп қайтты.

Адам жаңа әрі таза ғимараттың ішінде өзін жайлы сезінеді. Әсіресе, балалардың әдемі жерде көзі жайнап кететіні бар. Биыл «АРДИ» қарқынды оңалту орталығының кішкентайлары да ерекше қуанышқа бөленері анық. Өйткені PPG Tikkurila компаниясы Colorful Communities бағдарламасы аясында New Paint for a New Start деген жобасын бастап, олардың  орталығын сәндеп берді.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Арт-орталыққа кірген сәтте көзді ауыртпайтын түстерге боялған қабырғалар бірден назар аудартады. Қабырғаның түсі ғана емес, теп-тегіс етіп сыланғаны байқалады. PPG Tikkurila компаниясы оны әрлеуге 300 литр бояу жұмсаған. Жоба авторлары барлық жағдайды ескерген. Балалардың денсаулығын ойлап, тек сапалы бояуларды қолданған. Мысалы, бактерияға қарсы, құрамында белсенді күміс бар Argentum 20 бояуын, құрамында органика еріткіштері жоқ, аллергиясы және астмасы бар балаларға зиян тигізбейтін Remontti-Ässä бояуын, Perfecta бояуын  пайдаланған.

мектеп бояу ғимарат
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
мектеп бояу ғимарат
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
ңимарат
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Осы жобаға ат салысқанымызға мақтанамыз. Біздің мақсатымыз — балаларымыздың білімін арттыруға ынталандыратын жарқын, шығармашыл кеңістіктерді жақсарту. Алғашқы жобамыздың нәтижесі ойдағыдай болды деп ойлаймын, — деді PPG Tikkurila компаниясының директоры Арсений Руденко.

Арсений Руденко. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Жұлдыз Нұрғалиеваның 13 жастағы ұлына церебрал сал ауруы диагнозы қойылған. Баласының осы орталықта оқып, емделіп жүргеніне 10 жыл болды. Ата-ана  ғимараттың жаңартылып жатқанына ерекше қуанғанын айтады.

Ғимараттың салынғанына 30 жыл болған шығар. Бүгінде жөнделгеніне қуаныштымыз. Түстер өзара жақсы үйлесіп тұр. Бөлмелер ашық түспен боялып, басқаша көрінеді екен, — дейді ата-ана.

Жұлдыз
Жұлдыз Нұрғалиева. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
ғимарат
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
ғимарат
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Әрлеу жұмысы орталыққа эстетика беріп қана қоймай, балалардың оқуына да оң ықпал етеді. Мұны психоаналитикалық психолог Жансая Серікова да растап отыр. Оның айтуынша, бала әлемді, өзін қоршаған ортаны түстер арқылы зерттегенді ұнатады.

Психологияда «түстер терапиясы» деген ұғым бар. Бұл – адамның психикалық, эмоциялық, физикалық ахуалын көтеруге көмектесетін әдістің бірі. Кез келген түстің атқаратын қызметі бар: бірі көңіл-күйді көтерсе, енді бір түс жабырқауға себеп болады. Түс ересектің де, баланың да психологиясына әсер ете алады. Балабақшадағы кішкентайлар – ойын балалары. Тәрбиешілер де оларды ойын форматында оқытады. Сондықтан балабақшадағы түстер балаға энергия, сергектік беретіндей болғаны жөн. Мысалы, қызыл түсті бөлме немесе ойыншық таңертең маужырап келген баланы ұйқысынан оятады. Ал мектеп жасындағы балалар білім алуы, бір жерде тыныш отыруы, мұғалімді тыңдауы керек. Ол балалар жүретін оқу ордасының іші ақ сияқты нейтрал және жылы түстерге боялғаны абзал, — дейді психолог.

психолог Жансая
Жансая Серікова. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Маман инклюзив орталықтардың қабырғалары балаға өзін жайлы әрі қауіпсіз сезінуіне мүмкіндік беруі қажет екенін айтады. Сол себепті ашық көк, күлгін, жасыл түстерді пайдаланған жөн. Психолог пен PPG Tikkurila-ның ойы бір жерден шығыпты. Жоба авторлары инклюзив орталықты боямас бұрын арнайы зерттеудің нәтижесіне сүйеніп, жылы түстерді таңдаған. Оған қоса дизайнын жасағанда балалардың жас ерекшелігін ескерген. Мысалы, би залын қоңыр-сарғыш, қызыл реңмен, психологтың кабинетін жасыл бояумен бояған екен.

бояу кабинет
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
бояу кабинет
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
бояу
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
ғимарат
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Жансая Серікованың айтуынша, мектептің, арт-орталықтардың дәліздері ашық, жарық әрі әдемі болғаны маңызды. Сол кезде сабақ арасында үзіліске шыққан бала тыныға алады және кейін жаңа дәрісті оқуға, жаңа ақпаратты қабылдауға дайын болады.

бояу
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

PPG Tikkurila компаниясы бояған орталықтың бөлмелері де, дәліздері де ашық әрі жарық. Компания бояп-сырлап қана қоймай, есікті, шкафты, ресепш орнын, ғимарат төбесін, еденді, электр қуатын жаңартқан.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Бақдәулет Әбдуалы

Біз баспалдақты, еденді, төбені, есіктерді, тіпті шамды ауыстырып, ғимаратты жаңарттық. Психологтар балалар орталығына арналған түс гайдына сүйенді. Гайдтағы түстер балаларға белгілі бір істі мұқият жасауға көмектеседі, көңіл-күйін көтереді. Оған қоса компаниямен бірлесіп, ғимараттағы жиһаздың, орталық логотипінің түсімен үйлесетін бояуларды таңдадық. Мысалы, баспалдақты жасылға боядық. Себебі балалар сол жердегі үлкен терезеден қыста да сыртқа қарағанда жасыл пейзажды ұмытпасын дедік. Балалардың алаңдап кетпес үшін көбіне аса ашық емес түстерді қолдандық. Тек ата-аналар жүретін ресепшн мен дәлізді ашық түске боядық, — дейді дизайнер Эльмира Баширова.

Эльмира Баширова
Эльмира Баширова. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Бұл орталықта ерекше балалар оқитындықтан, баспалдақтардың ыңғайлы болғаны, лифтілердің дұрыс істегені маңызды. Ол да жөнделген.

ғимарат
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
ғимарат
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
баспалдақ
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

PPG Tikkurila компаниясына жобаны іске асыруға қолдау көрсеткендер де бар. Мысалы, Паркет әлемі мен QM Media демеуші болып, көмектескен. “АРДИ” арт-орталығын арнайы мамандармен бірге Tikkurila-ның қызметкерлері мен серіктестері де әрлеп, қолтаңбасын қалдырды.

адамдар мектеп
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Біз әлеуметтік өзгерістерге ықпал ететін жобаларға инвестиция сала отырып, корпоративтік әлемдегі әріптестерімізді ғана емес, жалпы жұртшылықты қайырымдық акцияларына қатысуға және қоғам игілігі үшін ерікті болуға шабыттандыруға тырысамыз. Осы бастама арқылы компания халықтың осал топтарының, атап айтқанда, мүгедектігі бар балалардың өмірін өзгертуде ұжымдық күш-жігердің маңызды екенін көрсетеді, — деді маркетиң менеджері Аяла Идегеева.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

PPG Tikkurila компаниясы «АРДИ» арт-орталығын жөндеуге жалпы 20 000 000 теңге жұмсаған.