Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өткен апта ішінде 0,1%-ке төмендеді, ал жылдық мәнде 6,2%-ке өсті.
Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.
Қазақстан бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2023 жылғы 12 қыркүйек/:
- Сүт, 2,5% – 377 тг/кг
- Күріш – 470 тг/кг
- Қырыққабат – 170 тг/кг