Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда 17...

Қазақстанда 17 букмекерлік кеңсе өз еркімен лицензиясын тапсырды

Туризм және спорт министрлігінің түсіндіру жұмысының қорытындысы бойынша 17 букмекерлік кеңсе өз еркімен лицензияларын тапсырды.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

2023 жылдың басынан алты букмекерлік кеңсе өз еркімен жұмысын тоқтатты. Бұдан бөлек ойын бизнесі субъектілерінің лицензияларын сот тәртібімен жою бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Биыл сотқа 14 талап арыз жіберілді, оларды қарау қорытындысы бойынша алты букмекерлік кеңсе, бес тотализатор және бір ойын автоматтары залы қызметін тоқтатты. Қазіргі уақытта екі букмекерлік кеңсенің лицензиясын жою бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 

Министрлік ойын бизнесінің жосықсыз субъектілерімен белсенді күресіп жатыр. Қазіргі уақытта ойын бизнесін реттеуді күшейтуді және тиісті нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдатуды көздейтін заң жобасы дайындалып жатыр. Заң жобасы аясында 55 түзету әзірленді, оның ішінде 16 жаңа реттеуші құрал бар, олар бойынша басқа министрліктермен келісу процесі жүріп жатыр және реттеушілік әсерге талдау жүргізіліп жатыр, – деді туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.