Басты бетЖаңалықтарҚазан айында...

Қазан айында тұмауға қарсы вакциналау басталады

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізу туралы қаулыға қол қойды.

Құжат бойынша, 2023 жылғы 1 қазанда республикада халыққа тұмауға қарсы екпе егу науқаны басталады.

Сонымен қатар құжатта мынадай шаралар көзделген:

  • медициналық ұйымдардың кіреберісінде «сүзгілердің» жұмысын қамтамасыз ету, маскаларды пайдалану, антисептиктер қою;
  • ЖРВИ, тұмау белгілері бар жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларға үйге шақыру бойынша бірінші кезекте қызмет көрсету;
  • мектепке дейінгі балалар ұйымдарында күнделікті таңертеңгі сүзгі жүргізу, ЖРВИ және тұмау белгілері бар балаларды оқшаулау;
  • мектептерде бір инкубациялық кезең ішінде бір класта 20-дан 30%-ке дейінгі оқушылар ЖРВИ-мен ауырса, жалпы білім беру ұйымдарында оқытудың кабинеттік жүйесінен бас тарту, күнтізбелік он күн ішінде кластарға жаңа балаларды қабылдауға тыйым салу ұсынылады;
  • бір инкубациялық кезең ішінде оқушылардың 30%-і және одан көп ауырса, олар онлайн оқытуға ауыстырылады.