Басты бетЖаңалықтарРесей үкіметінің...

Ресей үкіметінің төрағасы Қазақстанға келеді

Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин Астанада өтетін халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысады. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Айбек Смадияровтың айтуынша, биыл 25-27 қыркүйек аралығында Астанада «ЭКСПО» көрме орталығының аумағында «Иннопром. Қазақстан – 2023» халықаралық өнеркәсіптік көрмесі өтеді.

Көрменің мақсаты – өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, инвестиция тарту, сауда ынтымақтастығын кеңейту және жаһандық тәжірибе алмасу. Іс-шараға жоғары қонақ ретінде Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин мен Беларусь премьер-министрі Роман Головченконың қатысуы жоспарланып жатыр, — деді Айбек Смадияров брифиңде.

Көрмеде Қазақстан мен Ресейдің негізгі өнеркәсіптік компаниялары, сонымен қатар Армения, Беларусь, ЕАЭО, Пәкістан, Түркия, Үндістан, Иран, Әзербайжан және басқа да елдердің жекелеген компанияларының экспозициялары ұсынылады.