Басты бетЖаңалықтарҚазақстан мен...

Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда айналымы 3,6 миллиард долларға жетті

Биылғы жеті айда Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда айналымы 3,6 миллиард долларға жетті.

Бұл туралы елімізге ресми сапармен келген Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездескен ҚР сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлімдеді.

Екіжақтық байланыстардың өзегі – сауда-экономикалық ынтымақтастық. Түркия Республикасы – Қазақстанның төртінші орындағы сауда әріптесі. Былтыр тауар айналымының көлемі 6,3 миллиард долларға жетсе, биылғы жеті айда бұл көрсеткіш 3,6 миллиард доллар болды. Алдағы меже – осы алған екпінді жоғалтпай, тауар айналымын арттыру, — деді Мұрат Нұртілеу.

Сонымен қатар ведомство басшысы қарашада Түркістанда өтетін Түркі мемлекеттерінің мерейтойлық 10-шы саммитіне қатысу үшін Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған келетінін айтып өтті.