”Ашық” НҚА порталында жарияланған Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес, биыл және келер жылға балабақша ақысы мына мөлшерде бектілмек:
— мемлекеттік балабақшалар – ай сайын 18 331 теңге (2024 жылы – 18 392 теңге);
— жеке балабақшалар – ай сайын 51 032 теңге (2024 жылы – 54 182 теңге);
— мектепке дейінгі санаторлық ұйымдар – ай сайын 67 817 теңге (2024 жылы – 68 518 теңге);
— балалардың толық емес күндік топтары үшін – ай сайын 19 909 теңге (2024 жылы – 20 285 теңге).
Қаулы-жобасы 22 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.