Есентай өзені арқылы өтетін көпірді реконструкциялаған соң Әл-Фараби даңғылының бойына 600-ден астам ағаш отырғызылады.
Жасыл желектерді инвентаризациялау және орман-патологиялық зерттеу материалдарына сәйкес, көпірді реконструкциялау аумағында барлығы 101 ағаш кесілген, бұл ағаштар халықтың аз қозғалатын топтары үшін велосипед жолдарының, тротуарлар мен пандустардың конструкциясына түзетулер енгізу үшін алынады, ал 28 ағашты сақтап, 10 ағашты трансплантациялауға болады (оның 3-і трансплантацияланған). Кесу аймағындағы қалған ағаштар бойынша Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының қызметкерлерімен, жақын маңдағы тұрғын үйлердің тұрғындарымен, өсімдіктерді қорғау және карантин институтының экологтарымен, сондай-ақ белсенділермен бірлесіп зерттеу жүргізілді. Олардың ішінде Салтанат Тәшімова, Омар Нұрхайдаров және т.б. сарапшылардың пікірінше, жетілу жасына жеткен ағаштарды қайта отырғызу орынсыз.
Өз кезегінде, көшеттерді уақытша қайта отырғызу күзгі кезеңде бейімделу үшін питомник аумағында жүзеге асырылады. Жыл соңына дейін кесілген ағаштардың орнына көшеттерді он есе мөлшерде өтемдік отырғызу жүргізіледі.
Экология және қоршаған орта басқармасының мониторинг және жасыл қорды басқару бөлімінің басшысы Нұрлан Құттыбаевтың айтуынша, қайта жаңарту аяқталғаннан кейін уақытша тотырғызылған жасыл желектер жағалау бойына қайта отырғызылады.
«Егер біз оларды осында қалдырсақ, ағаштар тамырланады. Сонымен қатар, жыл соңына дейін кесілген ағаштардың орнына он есе мөлшерде көшеттер отырғызылады. Бұл ретте, жасыл екпелерді қорғау ережелерін ескере отырып, биіктігі кемінде 4 м болатын ірі өлшемді көшеттер отырғызылатын болады»,-деді Нұрлан Құтыбаев.
Еске салсақ, көпірді қайта құру жұмыстарын бастамас бұрын Есентай өзені бойындағы көпір мұқият тексеріліп, апатты екенін анықталған еді.
«Аралық құрылыстардың шеткі тақталарында сынған бетондар бар. Бұл тірек аймағындағы жұмыстарды қиындатып, бетонның қорғаныш қабаты бұзылады, бұл қауіпті санатқа жатады, өйткені олар аралық құрылымның жүк көтергіштігін айтарлықтай төмендетеді. Сондықтан көпірді қайта құру жұмыстары басталды. Барлығы 96 дана көлемінде аралық құрылыстың плиталарын бөлшектеу және монтаждау жоспарланған. Жобада жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін солтүстік және оңтүстік жағынан екі вело-жаяу көпір қарастырылған. Құрылыстың нормативтік ұзақтығы тоғыз айды құрайды, бірақ жұмыс екі ауысымда жұмыс кестесінен бұрын жүргізіледі. Осыған байланысты көпірді реконструкциялауды оқу жылы басталғанға дейін аяқтау жоспарлануда, велосипед-жаяу жүргіншілер көпірлерін жайластыру – ағымдағы жылдың қазан айының ортасына дейін іргелес аумақты абаттандыру бойынша жұмыстарды аяқтау 2024 жылдың ақпанына жоспарланған», — деп атап өтті Алматы қалалық мобилділік басқармасы жол инфрақұрылымын дамыту бөлімінің басшысы Айдос Желдікбаев.
Сонымен қатар, жергілікті тұрғындар да жобамен танысты. Медеу ауданының тұрғыны Аркен Ахметовтың айтуынша, егер жұмыстың бәрі жоба бойынша орындалса, онда бұл жере адамдардың серуендеуіне өте ыңғайлы болады.
«Мен өзім кешке жағалауда серуендегенді ұнатамын. Көпірдің астындағы баспалдақ балалар мен қарт адамдардыңа көтерілуі және түсуі үшін өте қауіпті. Балалы арбалары бар аналар мен қосымша қажеттіліктегі жандар үшін пандустар салу өте пайдалы болады», — деп атап өтті Аркен Ахметов.