Басты бетЖаңалықтар"Қазақстан Республикасы...

«Қазақстан Республикасы — Еуропалық Одақ» отырысы өтті

Қазақстандық делегацияға Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, ал Еуропалық Одақтың делегациясына Еуропалық сыртқы әрекеттер қызметінің Басқарушы директорының орынбасары, Ресей, Шығыс, Орталық Азия мен ЕҚЫҰ басқармасының директоры Люк Девин басшылық етті.

Кездесуге келген қатысушылар 2015 жылы 21 желтоқсанда Астана қаласында қол қойылған Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің (КӘЫК) ережелерін уақытша қолдану тұрғысында ҚР-ЕО екіжақты саяси және экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Р. Василенко атап өткендей, «Еуропалық Одақ ‑ Қазақстанның жетекші сауда және инвестициялық әріптесі, оның үлесіне елдің сыртқы сауда айналымының шамамен 50% және тартылған инвестициялардың жартысынан артық». 2016 жылы ҚР мен ЕО арасындағы сауда айналымы шамамен 24,1 млрд. АҚШ долларын құрады, (экспорт — 18,4 млрд. eуро және импорт — 5,6 млрд. еуро).

Қазақстан мен Еуропалық Одақ КӘЫК-тің дәйекті іске асыруы көрсетілген өлшемдерді айтарлықтай көтереді, ең бастысы жоғары технологиялық өнімдерді сату, Қазақстанда экономиканың тиісті секторларына жасалған Еуропалық инвестиция ықпал етіп, өндірісті дамытуға болады деп сенеді.

Жеке тақырып ретінде ҚР мен ЕО азаматтарының арасындағы ұтқырлық байланыстарды кеңейту және дамыту мәселелері талқыланды. Еуропалық тарап 30 күнге дейін Қазақстан Республикасына келгенге ЕО азаматтары үшін визалық талаптарды 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жоюын ризашылықпен қабылдады. Өзкезегінде, ҚР өкілдері Еуропалық Одақтың қазақстандықтар үшін визалық режимді жеңілдету бойынша өзара қадамдар жасайтынына үміт білдірді.

«Еуропалық Одақ жақында Қазақстанда орын алған конституциялық реформаларды одан әрі демократизациялау жолындағы ілгері қадам ретінде құптайды», — деп басып айтты Д. Левинь.

«ҚР–ЕО» Ынтымақтастық комитетінің 16-шы отырысы қорытындысы бойынша тараптар қолданыстағы бар мәселер бойынша сындарлы талқылауды жалғастыруды растады және тығыз жұмыс қарым-қатынастарды жүзеге асыруды қолдап отыруға келісті.

ДереккөзMfa.kz