Басты бетЖаңалықтарTikTok-та құмар...

TikTok-та құмар ойын ұйымдастырған төрт қазақстандық сотталды

Алматыда TikTok-та онлайн бәс тігу арқылы құмар ойын ұйымдастырғандар сотталды. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Алматы соты заңсыз ойын бизнесі саласындағы құқықбұзушылықтар үшін 19 миллион теңгеден астам аса ірі мөлшерде табыс тапқан төрт адамды төрт жылға бас бостандығынан айырды.

Еске салайық, бұған дейін ҚМА Алматы бойынша департаменті әлеуметтік желіде құмар ойын өткізген екі адамның ісін әшкерелеген еді. Тергеу барысында олар стримдар ұйымдастыру арқылы төрт айда 13 миллион теңгеге жуық табыс тапқаны дәлелденді. Сот екеуін де кінәлі деп танып, 1,5 жылға бас бостандығын шектеуге үкім етті.