Amanat фракциясының кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Онда ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов баяндама жасады.
Абай, Ұлытау және Жетісу облыстары құрылды. Бұл тек осы өңірлердің ғана емес, жалпы еліміздің дамуына үлкен серпін береді. Агломерацияларды дамыту мақсатында биыл жергілікті билік органдарының агломерацияларды дамыту саласындағы өкілеттіктерін кеңейтуге бағытталған заң қабылданды. Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді орталықсыздандыру бойынша жаңа әкімшілік реформа аясында жұмыс жүргізілуде. Үкіметтің 500-ге жуық функциясы орталық мемлекеттік органдарға берілді және жергілікті атқарушы органдарың өкілеті кеңейтілді, — деді үкімет басшысы.
Оның айтуынша, мемлекеттік қызметшілер саны 15%-ке қысқарған.
Осы жұмыс – мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастырудағы кезекті қадамы. Бұл министрлер мен әкімдердің өздері басқарып отырған салаларды дамытуға деген жауапкершілігін арттырады, — деді Әлихан Смайылов.