Басты бетЖаңалықтарЕлімізде көмірдің...

Елімізде көмірдің жаңа бағасы аталды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов Қазақстандағы көмірдің жаңа бағасын айтты.

Оның айтуынша, көмір бағасы былтырмен салыстырғанда орташа есеппен 15%-ке, ал кейбір аймақтарда 7-10%-ке өскен.

Шұбаркөл бөлінісінде — баға шамамен тоннасына 7 570 теңге, Шұбаркөл премиум — 9 мың теңге, Қаражыра — 9 мың теңге, Майкөбен көмірі — 6 700 теңге. Айта кетейін, өткен үш жылда баға өзгермеген еді, — деді Тұрар Жалмағамбетов ОКҚ брифиңде.

Комитет төрағасының мәліметінше, бағаның өсуіне инфляциялық процестер, оның ішінде көмір өндірушілер де әсер етеді. Ол басқа елдермен салыстырғанда Қазақстандағы әлеуметтік көмір әлдеқайда арзан екенін айтып өтті.

Қазақстандағы әлеуметтік көмірдің құны ең төмен бағалардың бірі. Егер бөліністе ол 7-ден 9 мың теңгеге дейін тұрса, онда пункттердің қашықтығына байланысты баға 25 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін. Ресейде коммуналдық-тұрмыстық көмірдің құны 35 мың, Қырғызстанда — 45-50 мың теңге, Өзбекстанда — 50-60 мың теңгеге дейін. Шынында да, бізде бағаның өсуі бар, бірақ көрші елдермен салыстырғанда біз әлеуметтік көмір бойынша ең қолжетімді елдердің біріміз, — деді Тұрар Жолмағамбетов.