Алматыда көлік аялдамаға соғылды. Жол апаты туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды.
Хабарламада көлік адамдар тұрған аялдамаға соғылғаны айтылған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алматы полиция департаменті жол апатының 28 тамызда сағат 12.20-да болғанын хабарлады. Mercedes көлігін тізгіндеген 1987 жылы туған жүргізуші Абылай хан көшесімен келе жатып, Райымбек даңғылына солға бұрылып, тізгінге ие бола алмай автобус аялдамасына соқтығысқан.
Осы жол апаты салдарынан аялдамада болған жеті адам зардап шекті. Олар қаланың емдеу мекемелеріне жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы дерегі тіркеліп, Алмалы аудандық ПБ қызметкерлері назарына алынды, — деді полиция.