Елімізде демалыс күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 26-28 тамыз күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, жақын күндері Қазақстанда 26, 28 тамызда батыс және шығыс облыстарда, 26-28 тамызда солтүстік-батыс облыстарда, 27-28 тамызда солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарда күн күркіреп, бұршақ жауады, сонымен қатар екпінді жел күтіледі.

Қазақстанда ауа температурасы біртіндеп төмендейді деп күтіледі, — делінген хабарламада.