Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің кірісі 15%-ке артты

2023 жылғы алты айда Қазақстанның мемлекеттік бюджеті 11,38 триллион теңге болды, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңінен 14,8%-ке артық (2022 жылғы алты айда 9,92 триллион теңге).

Бұл туралы ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қарастырылып отырған кезеңдерде мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің құрылымы бірдей. Бұл ретте салық түсімдері дәстүрлі түрде мемлекеттік бюджетті қалыптастырудың негізгі көзі болып қала береді, яғни, 2023 жылғы 1-жартыжылдықта барлық кірістерден 78,9% (8,98 триллион теңге) (2022 жылғы 1-жартыжылдықта 72,1% (7,15 триллион теңге)) болды. Ұлттық қордан трансферттер 2,14 триллион теңге болды, оның ішінде кепілдендірілген трансферттер – 1,20 триллион теңге, нысаналы трансферттер – 0,94 триллион теңге (2022 жылғы 1-жартыжылдықта 2,44 трлн теңге, оның ішінде кепілдендірілген трансферттер – 2,23 триллион теңге, нысаналы трансферттер – 0,21 триллион теңге), — делінген хабарламада.

Салықтық емес түсімдер және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігіндегі ең аз үлесті алады: 2023 жылғы 1-жартыжылдықта тиісінше 1,7% (0,20 триллион теңге) және 0,6% (0,07 триллион теңге) (2022 жылғы 1-жартыжылдықта тиісінше 2,2% (0,21 триллион теңге) және 1,1% (0,11 триллион теңге)).