Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Құрметті қонақты елорда әуежайында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды, — делінген хабарламада.
Сапар аясында президенттер жоғары деңгейде екіжақты кездесулер өткізеді және Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері аясында өтетін шараларға қатысады деп жоспарланып отыр.