Алматының Наурызбай ауданында 900 жаңа камера орнатылады

Алматының Наурызбай ауданында 900 жаңа видеокамера орнатылады. Бұл туралы Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев айтты.

Видеомониториң жүйесін кеңейту жобасы бойынша Наурызбай ауданында азаматтар көп жиналатын жерлерде жыл соңына дейін 900 жаңа видеокамера орнату жоспарланып жатыр. Оның ішінде аулаларда — 565, қиылыстарда – 295, саябақтар мен скверлерде — 40 камера, — деді қала басшысы.

Оның айтуынша, бұл қала тұрғындарының қауіпсіздігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.