Басты бет / Жаңалықтар /
23d09656888216cabb0c9772e50ed0bf Мектепке дайындаламыз: бір баланың керек-жарағына қанша теңге қажет?
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz

Мектепке дайындаламыз: бір баланың керек-жарағына қанша теңге қажет?

Қыркүйек таяп қалды. Ата-аналар мен оқушылар мектепке қызу дайындалып жүр. Дүкендер оқу құралдары мен ақ-қара мектеп формасына толды. Baribar.kz тілшілері Алматыдағы сауда орталығы мен базарға барып, тауар бағаларын салыстырып, бір баланы мектепке дайындау үшін қанша теңге керек екенін есептеп көрді.

Сауда орталығындағы киім-кешек бағасы

  1. Қыз баланың киімі

Ең әуелі Алматыдағы ірі сауда орталықтарының біріне барып, мектеп тауарлары ең көп қойылған дүкенге кірдік. Мұнда қыз балалар мен ер балаларға арналған мектеп формасы, спорттық киім мен аяқкиім де бар. Тіпті шұлық пен белдікті осы дүкеннен табуға болады. Бірақ тауардың алуан түрі бар деуге келмейді.

51c6e654b18e2c99876be2ab52da8128 Мектепке дайындаламыз: бір баланың керек-жарағына қанша теңге қажет?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
58066c4e42cdd6e1af1bb2d77ef28e7c Мектепке дайындаламыз: бір баланың керек-жарағына қанша теңге қажет?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
7eae3d3069bfb3301137fcbaa2e8cec6 Мектепке дайындаламыз: бір баланың керек-жарағына қанша теңге қажет?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Қыздарға арналған жейделердің бағасы — 5990 теңге. Белдемше мен жемпірдің құны да сондай. Дүкенде сарафанның бірнеше түрі бар екен. Оларды 7990 теңгеге сатып алуға болады. Осы дүкеннен керектінің бәрі табылғандықтан, бірден тізім жасап, толық соманы есептегенді жөн көрдік.

47b22ad89fc2f01ccff6f81e5f1b71ae Мектепке дайындаламыз: бір баланың керек-жарағына қанша теңге қажет?
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz

Бұл — тек негізгі шығын. Бұған қоса ақ бантик, гольфы, ақ ішкөйлек (майка), шөлкей (колготка) сатып алу керек. Ақ бантиктің жұбы 1090 теңге тұрады. Ішкөйлектің бағасы әртүрлі, ең қымбаты — 3490 теңге. Бірақ 1490 теңгеге де киюге болатын ішкөйлек табуға болады. Түркияда өндірілетін шөлкейдің бір данасы — 2190 теңге. Ал гольф шұлықтарының бір жұбы 1690 теңге тұрады.

Сонда негізгі шығынға қоса тағы 6460 теңге керек деген сөз.

2. Ұл баланың киімі

Дүкенде ұл балаларға арналған киімдер де бар. Бірақ мұндағы тауар қыздар бөліміне қарағанда азырақ. Дегенмен ең керек деген киімнің бәрін табуға болады екен.

2084ad7b69f1840f37ec29c5041ed4b3 Мектепке дайындаламыз: бір баланың керек-жарағына қанша теңге қажет?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
eccf58f6e604fc4bdc5dbe3974a9a884 Мектепке дайындаламыз: бір баланың керек-жарағына қанша теңге қажет?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Дүкенді аралап, қажеттінің бәрін тапқан соң, ұл баланың мектеп формасына кететін шығыны қанша теңге болатынын есептеп көрдік. Кейбір тауар сәл қымбат әрі оның тек бір үлгісі болды. Сол себепті ұл баланың киіміне кететін шығын қыз баланыкіне қарағанда көп шықты.

51093a85fcbd34288b75d3bd10205909 Мектепке дайындаламыз: бір баланың керек-жарағына қанша теңге қажет?
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz

Ұлдардың да ұсақ-түйек шығыны көп: бірнеше шұлық, галстук пен белдік. Шұлықтар қаптамада сатылады екен, біреуінде төрт данасы бар, бағасы — 2 190 теңге. Галстук 1 690 теңге, белдіктердің орта бағасы — 2 490 теңге.

6ce3db5b6dfd4cb0558b35bf22545eec Мектепке дайындаламыз: бір баланың керек-жарағына қанша теңге қажет?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
bb199ccac276cc4ae2f0d333345e9450 Мектепке дайындаламыз: бір баланың керек-жарағына қанша теңге қажет?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Кеңсе тауарын сататын танымал дүкен желісі

Киім-кешекті түгендеген соң қаладағы ең ірі кеңсе тауары дүкеніне бардық. Ондағы заттың көптігіне таңғалдық.

кеңсе тауарлары, мектепке дайындық, дәптер
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Дүкенде түрлі зат бар. Мәселен, ондағы сөреге бір ұштағыштың бірнеше түсі мен түрі қойылған. Өлшемдері де әртүрлі. Қалауыңызға қарай бағасы да өзгере береді.

7d12e66ef63507c06714ca5f0330ad02 Мектепке дайындаламыз: бір баланың керек-жарағына қанша теңге қажет?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
1ba752b0c26faeba3106e424b8105622 Мектепке дайындаламыз: бір баланың керек-жарағына қанша теңге қажет?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Дүкенді біраз аралаған соң, орта класта оқитын бала бір тоқсан қолданатын тауарға қанша қаражат керек екенін есептедік.

мектепке дайындық, мектеп формасы, всеобуч, кеңсе тауары
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz

Суреттегі тізімді ұзақ толықтыра беруге болады. Оқушы керегіне қарай акварель бояуын, маркер, арнайы стикерлер жинағын, замазка және тағы басқасын ала алады. Кеңсе тауары ішіндегі ең қымбаты — мектеп сөмкесі. Арзаны — 8000 теңге, ең қымбаты — 28 000 теңге. Оның да орта сападағы түрін 17-18 000 теңгеге сатып ала аласыз. Сонда кеңсе тауарына жалпы 30 мың теңге кетуі мүмкін.

Демек, бір балаға мектепке керек-жарағын сауда орталығынан сатып алу үшін шамамен 90 000-100 000 теңге қажет.

Базардағы киім-кешектің бағасы

Тамызда қалада мектепке қажет заттарды сататын жәрмеңке басталады. Жәрмеңке мен сауда орталығындағы тауардың бағасында аса айырмашылық жоқ екенін байқадық. Сол себепті бірден «Барахолка» базарына бардық. Шамамен 11.00-де діттеген жерімізге жеттік. Сол уақыттың өзінде аяқ алып жүретін жер болмады. Әсіресе, киім-кешек бөлімінде адам көп. Ең әуелі ер балалардың киіміне кететін шығынды білу үшін бірнеше бутикке кірдік.

7b7a42626ff86c0a77b01a7597df5cb4 Мектепке дайындаламыз: бір баланың керек-жарағына қанша теңге қажет?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
мектеп формасы, спорт киімі, барахолка
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
мектепке дайындық, аяқ киім
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Жейделердің бағасы 6 000 теңгеден, ал пиджак, шалбар және жилеті бар мектеп костюмінің құны 18 000 теңгеден басталады. Спорт киімінің орта бағасы — 14 000 теңге. Жақсы сападағы ақ футболканы 3 мың теңгеге табуға болады. Кроссовканың орта бағасы — 12 мың теңге. Классикалық аяқкиім орта есеппен 10-12 мың теңге тұрады. Саудагерлердің айтуынша, бәрі таза былғарыдан тігілген. Бір оқушының шығынын есептеу үшін орта бағаларды негізге алдық.

Қыздарға таңдау көбірек, олардың мектеп киімі бүтін костюм ретінде емес, жеке-жеке сатылады. Белдемшелер 4 000 теңгеден басталады, ал жейделердің арзаны — 5 000 теңге. Шалбарды 6000 теңгеге де табуға болады.

мектепке дайындық, мектеп формасы, всеобуч, кеңсе тауары
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz

Ұлдарға да, қыздарға да қосымша заттар керек. Мысалы ұлдардың белдігінің бағасы 1000 теңгеден басталады, галстук 1000-1500 теңге тұрады. Шұлық жиыны (төрт жұп) 2200 теңге, ішкөйлектің құны 1000 теңгеден басталады. Осылайша, ұл баланың қосымша заттарына тағы 5000 теңге керек болуы мүмкін.

Енді қыздардың шөлкейіне, ақ ішкөйлегіне, бантигіне және басқа ұсақ-түйекке жұмсалатын қаражатын санайық. Базарда шөлкейлердің бағасы 1 500 теңгеден басталады, гольф шұлықтарын 1 000 теңгеге сатып алуға болады. Екі бантик 800 теңге тұрады. Ақ ішкөйлектің бағасы — 1 500 теңге. Бұл заттарға жалпы 5000 теңге керек.

Базардағы кеңсе тауарының бағасы

Ал базардағы және сауда орталығындағы кеңсе тауарының бағасында аса айырмашылық жоқ. Тек базарда бір сатушыдан көп зат сатып алсаңыз, 12 беттік дәптер тегін беріледі екен. Мысалы, 10 000 теңгеге зат сатып алса, 30 дәптер тегін. Бұл бұрыннан келе жатқан, тек базарға тән дәстүрлі науқан деуге болады.

Бірақ тек дәптердің өзін алсаңыз, оны 25 теңгеге сатады.

46bbacd4cf5f597339d23689f9d52642 Мектепке дайындаламыз: бір баланың керек-жарағына қанша теңге қажет?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Мұндағы сөмкелер сауда орталығындағыға қарағанда арзан. 6500 теңгеге әдемі, сапалы сөмке алуға болады. Сонда бір баланың кеңсе тауарына кететін шығын — шамамен 25 000 теңге.

Демек, бір баланың керек-жарағын «Барахолка» базарынан сатып алу үшін шамамен 90 000 — 100  000 теңге қажет. Бірақ базарда саудаласуға болады. Сатушылар тауардың бағасын кем дегенде 10%-ке түсіріп береді. Сонда бұл жерден сауда орталығына қарағанда арзанға алуға болады.

Ranking.kz дерегінше, Қазақстан тұрғындарының жылдың бірінші ширегіндегі медианалық жалақысы (халықтың көп бөлігі алатын айлық) 225, 7 мың теңге болған. Халықтың күнкөріс шығыны — 80, 2 мың теңге, оның ішінде азық-түлік емес тауарларға жұмсалатын шығын 19, 6 мың теңге екені анықталған. Мектеп формасына кететін ақша осы шығын түріне жатады. Осылайша, баласын мектепке киіндірген ата-ананың бұл айдағы азық-түлік емес шығыны 4-5 есеге көп.

Мемлекеттен көмек

Қазір Алматыда «Мектепке жол» акциясы өтіп жатыр. Ол бойынша қаладағы 19 мың оқушыға әкімдік мектеп формасы мен кеңсе жарақтарын сатып алуға көмектеседі. Бұған жергілікті бюджеттен 800 миллион теңге бөлінген.

Акция 30 қыркүйекте аяқталады. Бұл көмек аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сонымен қатар ата-анасының қамқорысыз қалған балаларға беріледі. Акцияға қатысу үшін ата-ана баласы оқитын мектепке барып, өтініш беруі керек.

«Жалпыға бірдей міндетті орта білім беру» қоры мектепке керек заттарын сатып алуы үшін әр оқушыға 40 567 теңге береді. Ақша ата-анасының шотына аударылады. Бірақ бұл көмекті мына санаттағы балалар ғана алады:

  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға құқығы бар отбасыдан шыққан балалар;
  • жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз, сол сияқты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасыдан шыққан балалар;
  •  жетім балалар және ата-анасының қамқорысыз қалған балалар;
  • төтенше жағдай салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасыдан шыққан балалар.

Көмек алу үшін баланың ата-анасы немесе заңды өкілі Egov.kz электрон үкімет порталы арқылы немесе халыққа қызмет көрсету орталығына барып өтініш беруі керек.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook