Елімізде киім-кешек бағасы бір жылда 15% көтерілді

Сараптама қорытындысы бойынша, республика бойынша киім бағасы бір жылда 14,6% өскен.

Киім-кешектің қымбаттағанын бәрінен бұрын астаналықтар қатты сезінді: бір жылда бірден 25% өскен. Киім қымбат өңірлердің үштігіне Қызылорда (+19,8%) және Ақмола (+ 19%) облыстары кірді. Ең баяу өсім Ақтөбе облысында тіркелген – 9,7%.

Былтырғы қазан айынан бері ерлердің киімі 14%, әйелдердің киімі 14,1%, балалар киімі 17,2% қымбаттаған, — деп жазылған сараптамада.

Ал қаңтар-тамыз аралығында импортпен келген трикотаж және тоқыма өнімдерінің көлемі 71 мың тонна болған. Бұл ақшаға шақсақ, 888,9 миллион доллар.

Қазақстанға ТМД елдерінен 16,9 мың тонна өнім әкелінген. Бұл бұрынғыдан 2,9% кем. Негізгі жеткізуші – Өзбекстан: 10,2 мың тонна.

ТМД құрамына кірмейтін елдерден 54,1 мың тонна киім әкелінген. Бұл былтырғыдан 17,8% артық. Негізгі жеткізушілер Қытай (39,3 мың тонна) мен Түркия (12 мың тонна) болып отыр. Қаңтар-қыркүйек аралығында елдегі киім өндірісініңақшалай көлемі 43,1 миллиард теңге болды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 12,7% көп.

Ең үлкен өндіріс көлемі Шымкентте тіркелді — 7,4 миллиард теңге (+44%). Одан кейін Алматы қаласында 6,9 миллиард теңгенің (+15,2%) және Алматы облысында 4,2 миллард теңгенің (-48,6%) киім-кешегі өндірілген, — делінген сараптамада.