Мемлекеттік орган бизнесменге 82 миллион теңге қайтарды

Атырау облысының мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерге 82 миллион теңге қайтаруға міндеттелді. Бұл туралы Атырау көлік прокуратурасы хабарлады.

Атырау көлік прокуратурасы кәсіпкердің артық төленген кедендік және салық сомасын қайтару туралы өтініштерін қанағаттандырудан негізсіз бас тарту фактісін анықтаған.

Фискалды орган екі жыл бұрын күшін жойған нормативтік құқықтық актіге сілтеме жасап, бірнеше ай бойы адал кәсіпкердің өтінішін қанағаттандырудан бас тартқан. Прокуратураның араласуынан кейін ғана мемлекеттік орган өз әрекеттерінің заңсыздығын мойындаған және тарифтік мөлшерлеменің төмендеуін ескеріп бұрын төленген соманы қайтарған, — делінген хабарламада.

Нәтижесінде кәсіпкердің шотына 82 миллион теңге түсті, ал кінәлі лауазымды тұлға «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түрінде тәртіптік жазаға тартылды.