Басты бетБарак Обама...

Барак Обама Ақ үйдегі күндері туралы ғұмырнамалық кітап жазбақ

The Washington Post газетінің жазуынша, Барак пен Мишель Обама естеліктерге толы екі кітапты сататындарын айтқан. Құны 60 млн долларға бағаланған кітап Penguin Random House баспа үйінен шығады. Алайда, кітаптың қашан және қалай жазылғаны туралы дерек жоқ.

Ал Мишель Обаманың бірінші ханым болған күндері туралы кітап жазып жатқаны туралы оның өкілі Тина Чен айтқан.

«Бір қызы колледжге түсті, екіншісі орта мектепте оқиды. Енді бар уақытын кітап жазуға арнап жатыр, алайда жұмысы мен қоғам алдындағы жауапкершілігін де ұмытпайды»,-дейді ол.

Газеттің жазуынша, Барак Обама соңғы екі айын отбасымен саяхаттауға арнаған. Олар сол уақыт аралығында Палм-Спрингсте, Кариб, Гавай аралдарында болып қайтқан.

Енді ол Тетироа аралына барып, ғұмырнамалық кітап жазбақшы.

Айта кетейік, Обама 2008 жылы АҚШ президенті болып сайланған алғашқы афроамерикалық болды. 2012 жылы осы мансабына қайта сайланып, биылғы жылдың қаңтар айына дейін ел басқарған еді.

ДереккөзWashingtonpost.com