Обама енді немен айналыспақ?

АҚШ Президенті болған Барак Обама ағымдағы жылды отбасына арнағысы келетінін айтты. Ол тиісті мәлімдемені өзінің қорытынды баспасөз мәслихатында жариялады, оның тікелей көрсетілімі NPR24 арнасында жүргізілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Барак Обама

«Маған бар керегі, алған үлкен тәжірибемді зердемнен өткізу үшін – уақыт қана. Жұбайымның жанында болғым келеді, таяуда отауласқанымызға 25 жыл болады. Көп жазып, аз сөйлегім келеді. Қыздарымның жанында көп уақыт өткізгім келеді. Бұл, осы жылға жоспарлаған істерім», – деп атап өтті Обама.

Бұл ретте президент, АҚШ азаматы болып қала беретінін және оның қыздары саясатпен айналыспайтынын мәлім етті.

Барак пен Мишель Обама 1992 жылы үйленген. 18 жастағы Малия мен 15 жастағы Сашаны тәрбиелеп отыр.

Айта кетейік, АҚШ-тың жаңадан сайланған 45-інші президенті Дональд Трамптың инаугурациясы 20 қаңтар күні өтеді.