Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстан халқының саны 19 899 377 адамға жетті.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 19 899 377 адамның 12 317 671-сі – қалада, 7 581 706-сы ауылда тұрады.
Халықтың жалпы санының 48,8%-і – ерлер, 51,2%-і — әйелдер. Бірінші жартыжылдықта Қазақстанда 189,5 мың бала дүниеге келсе, оның 98 мыңы – ұл, 91,5 мыңы – қыз.
Туу көрсеткіші жоғары өңірлер: Маңғыстау мен Түркістан облыстары және Шымкент қаласы. Бірінші жартыжылдықта елімізде 63,6 мың адам қайтыс болған. Жарты жылдағы халықтың табиғи өсімі 125,9 мың адам.
Өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында тіркелді. Аталып өткендей, бұл жағдай осы өңірлерде қариялардың көп болуымен байланысты.