Түркістан облысында жер сілкінді

Түркістан облысында жер сілкінді. Бұл туралы Қазақстанның ұлттық деректер орталығы хабарлады.

Орталықтың мәліметінше, жерасты дүмпулері 2023 жылғы 27 шілдеде Астана уақытымен 05.52-де Шардарадан оңтүстік-шығысқа қарай 55 шақырым және Шымкенттен оңтүстік-батысқа қарай 155 шақырым жерде тіркелген.

Магнитудасы — 4,1. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 9,6.