Министр қос азаматтыққа қарсы заңнама қалай өзгеретінін айтты

Қазақстанда қос азаматтық фактілеріне қарсы заңнама күшейтіледі. Бұл туралы ішкі істер істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді.

Бүгінде қос азаматтықпен жүрген азаматтар аз емес. Оларды жыл сайын анықтап отырады. Ал жаңа өзгерістен кейін қос азаматтық фактілері күрт азаюға тиіс. Егер Қазақстан азаматы басқа елдің азаматтығын растайтын құжат алса, немесе оны пайдаланса, онда біздің азаматтықтан дереу шығарылады. Қазіргі заңнамада мұндай шектеу жоқ, — деді Марат Ахметжанов үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, үкімет пен президент әкімшілігі жаңа өзгерісті қолдады. Оны көші-қонға қатысты заң жобасын енгізді.

Қазіргі кезде құжат парламенттің қарауында жатыр.