VIII BAIQONYR кинофестивалінің халықаралық байқауына қатысатындар тізімі жарияланды

Іріктеу комиссиясы VIII BAIQONYR кинофестивалінің халықаралық көркем және деректі қысқаметражды фильмдер байқауына қатысушылардың құрамын жариялады.

Конкурсқа қатысу үшін барлығы 14 елден 560 өтінім келіп түсті. Географиялық тұрғыдан олар Түркіменстаннан басқа барлық посткеңестік кеңістікті қамтыды.

Нәтижесінде алты елден 18 фильм таңдалды:

  • «Қашқын» (Грузия), режиссеры — Саломе Кинцурашвили.
  • «Галина Петровна» (Қырғызстан), режиссеры — Никита Ловецкий.
  • «Йети балалары» (Ресей, Татарстан), режиссеры — Айдар Шарипов.
  • «Женя сценарий жазуда» (Ресей), режиссеры — Виктор Коженков.
  • «Содат тірі» (Өзбекстан), режиссеры — Шерзод Назаров.
  • «Лилит атты қуыршақ» (Армения), режиссеры — Астхик Казарян.
  • «Кішкентай махаббат» (Қазақстан), режиссеры — Айжан Қасымбек.
  • «Маринад» (Ресей, Саха Республикасы), режиссеры — Василий Слепцов.
  • «Медик» (Қырғызстан), режиссеры — Алижан Насиров.
  • «Монтаж» (Өзбекстан), режиссеры — Дильшодбек Усмонов.
  • «Маңызды нәрсе туралы» (Ресей), режиссеры — Гоша Евдокимов.
  • «От» (Өзбекстан), режиссеры — Сайдалоксон Масудхонов.
  • «Аня, кешір мені» (Ресей), режиссеры — Клавдия Коршунова.
  • «Қоштасу болмайды» (Ресей), режиссеры — Вера Водынски.
  • «Ромео» (Армения), режиссеры — Марина Арзуманова.
  • «Әкесінің баласы» (Қырғызстан), режиссеры — Дастан Мадалбеков.
  • «Екі айнымалысы бар теңдеу» (Армения), режиссеры — Лусине Папоян.
  • «Эй, Гюнеш!» (Грузия), режиссерлеры — Марита Тевзадзе және Ана Джегнарадзе.

Еске салайық, VIII BAIQONYR кинофестивалі 2023 жылғы 6-10 қыркүйек аралығында Алматыда, «Арман» киноорталығында өтеді.

Фестиваль дәстүрлі түрде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен өтеді.

Фестиваль жаңалықтарын Baiqonyr.kz сайтынан және Instagram және Facebook парақшалары – baiqonyrfilmfestival-дан оқуға болады.