Басты бетЖаңалықтарЭлектросамокаттарға қатысты...

Электросамокаттарға қатысты жаңа шектеулер енгізіледі

Ішкі істер министрлігі электросамокаттарға қатысты жаңа шектеулер енгізуді ұсынды.

Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранованың айтуынша, ІІМ брифиңде жарықсыз учаскелерде, қала сыртындағы трассаларда және кәмелетке толмағандарға электр скутерлерін пайдалануға тыйым салу ұсынылды. Ал, электросамокатқа балалар мінбеуі үшін салмақ категориясы бойынша тыйым салу жоаспарланып отыр. Мысалы, 30 келі және одан жоғары салмаққа ғана рұқсат етіледі.

Кикшериңдік компаниялар жалпы «жосықсыз клиенттердің тізімін» құруды ұсынды. Оған жол қозғалысы ережелерін, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзатын, скутерді рұқсат етілмеген жерде қалдыратындар енгізіледі. Мұндай пайдаланушылар үшін барлық компания бір мезгілде қызмет көрсетпей қояды, — деді Ақтоты Боранова.