«Атырау-Астрахань» бағытындағы пойызда 13 жастағы бала қайтыс болды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолының» баспасөз қызметі хабарлады.
Жасөспірім тәрбиешінің жетекшілігімен балалар лагеріне кетіп бара жатқан. Олар ас-суды өздерімен бірге алып кірген.
Пойызға мінгеннен кейін 1,5 сағаттан кейін ол өзін жайсыз сезінді. Пойыз бригадасы Нарын станциясына жедел жәрдем шақырды.
Медицина қызметкерлері жеткенде бала қайтыс болып кеткен. Баланың неден қайтыс болғаны сараптамалардан кейін белгілі болады, — делінген хабарламада.