Басты бетЖаңалықтарЕрболат Досаев...

Ерболат Досаев өрт кезінде қаза болған әйелдің отбасына көңіл айтты

Алматы әкімі Ерболат Досаев Ақкент шағынауданындағы көпқабатты үйде шыққан өрттен қаза болған әйелдің отбасына көңіл айтты.

Қайрат Жармұхамедұлы мен Жұмагүл Жұмашқызы, сіздердің қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын! Әселдің өмірден мезгілсіз өтуі сіздер үшін ғана емес, барлық алматылықтар үшін орны толмас ауыр қайғы. Туған баласынан айырылу ата-ана үшін өте ауыр. Орны толмас ауыр қазада сіздерге сабыр мен төзімділік тілеймін. Сіздердің қыздарыңыз, Әселдің әпкесі Айжанның тезірек сауығып кетуін тілеймін. Оның толық сауығуы үшін барлық қажет медициналық көмек көрсетіледі, — делінген Ерболат Досаевтың көңіл айту хатында.

Еске салайық, 1 тамызда Алматыда Ақкент ықшамауданында көпқабатты үйлердің бірі өртенді. 300 адам эвакуацияланып, 70 адам құтқарылды.

Сағат 18.46-да өрт сөндірілді.

Көпқабаттағы үйдегі өрттен зардап шеккен бір әйел қаза болды.