Президент қаза болған мұғалім Александр Руденконы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттады.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысы Астана қаласының №32 мектеп-гимназиясының алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Александр Иванович Руденконы (марқұм) адам өмірін құтқарам деп жүріп төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.
Айта кетейік, Александр Руденко 2023 жылғы 12 шілдеде Шортанды көлінде суға батып бара жатқан баланы құтқарып, өзі қаза болған еді.