Орман өрт сөндіру стансаларының қызметкерлерін өртке қарсы киіммен қамтамасыз ету үшін үкімет резервінен 918 миллион теңге бөлінеді.
Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Тиісті қаулыға премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды.
Құжат бойынша, үкімет резервінен табиғатты қорғау және орман мекемелерінің орман өрт сөндіру стансаларының қызметкерлеріне өртке қарсы киім сатып алуға 918 миллион теңге қаражат бөлінеді.
Бұл 30 табиғатты қорғау және 16 орман мекемесінің қызметкерлерін механикалық жарақаттанудан, гипотермияның, агрессивті сұйық құрамдардың, жоғары температураның әсерінен қорғауға, жұмысшыларды соққыдан сақтауға, сонымен қатар басқа механикалық әсерлерден қосымша қорғау үшін өртке қарсы киіммен жабдықтауға мүмкіндік береді, — делінген хабарламада.