Мобайл төлем арқылы салықтан жалтаратын кәсіпкерлер тексеріледі

Мобайл төлем арқылы салықтан жалтаратын кәсіпкерлер тексеріледі. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Үш ай бойы тұрақты түрде шотына 100 адамнан ақша түскен азаматтар назарға ілінеді.

Олар тауарды сатып, төлемді мобайл аударым арқылы қабылдайды. Тиісінше пайдадан салық төлемейді, Бұл заңсыз. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, елде мобайл аударымды кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға тыйым салынған. Енді жауапты органдар 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен аударымдарды бақылауға алуды жоспарлап отыр. Үш ай бойы тұрақты түрде шотына 100 адамнан ақша түскен азаматтар назарға ілінеді. Биыл мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайы тексеріледі. Келесі жылы квазимемлекеттік сектор мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, одан кейін жеке кәсіпкерлер назарға алынады. 2026 жылы қалған азаматтардың банк шоттары бақыланады, – делінген ақпаратта.

Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі Айнұр Сартаеваның айтуынша, жеке мақсаттағы мобайл аударымдарға шектеу жоқ.

Негізі жеке мақсатта пайдаланылатын мобайл аударымға ешқандай шектеу жоқ. Мысалы, кез келген азаматтың жеке мақсатта аударымы болады. Ол туысқандарына, ата-анасына, баласына, достарына туған күніне сыйлық, құдай жолы, бата, той болып жатады. Сондай аударымдарға салық салынбайды, – деді Айнұр Сартаева.