Алматыдан 772 шақырым жерде жер сілкінді

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 13 шілде күні сағат 6.00-де жер сілкінісін тіркеді.

Жер асты дүмпуінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 772 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасты.

  • Энергетикалық санаты – 8.7.
  • MPV магнитудасы – 4.2.
  • Эпицентр координаттары – 48.46° с.е. 83.40° ш.б.
  • Тереңдігі – 15 шақырым.

МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ, — делінген хабарламада.