Жаздың екі айы өтіп кетті. Біреулер шетелге саяхаттаса, енді біреулер ауылға барып, жақындарының жанында демалып жатыр. Ал сіз жазды қаншалық тиімді өткізіп жүрсіз? Тестіден өтіп, тексеріп көрейік.
0%

Жақындарыңызбен бірге тауға барып, пикник ұйымдастырып, кәуап пісірдіңіз бе?

Самокат, велосипед, катамаран, қайық, әткеншек. Биылғы жазда қайсын қолдандыңыз?

Ауылдағы ата-анаңызға немесе ата-әжеңізге бардыңыз ба?

Биылғы жазда қанша рет қарбыз жедіңіз?

Ашық аспан астындағы кинотеатрдан фильм көрдіңіз бе?

Денеңіз неге сонша күйіп кеткен?

Таңға дейін қыдырдыңыз ба?

Жазда көп фестиваль, мерекелік концерт, іс-шара өтеді. Бардыңыз ба?

Жазда төмендегі заттың қайсын көп қолдандыңыз?

Биылғы жазда суға шомылдыңыз ба?

Тест: Жазды қаншалық тиімді өткізіп жүрсіз?
Жазда сіз сияқты демалу керек екен!

Жауабыңызға қарасақ, жазғы уақытты көңілді әрі тиімді өткізіп жүрген сияқтысыз. Бәрекелді! Осы қалпыңыздан таймаңыз. Биылғы жаз маусымында есте қалатын бақытты, қуанышты сәтіңіз көп болады деп сенеміз 🙂
Не істеп жүрсіз?

Әй, не істеп жүрсіз? Жаздың екі айы өтіп кетті ғой. "Үй-жұмыс-үй" дей бермей, өзіңізге бір сәт сергуге мұрсат беріңіз. Жаздың шуақты күнінде демалыңыз, қыдырыңыз, суға түсіңіз, ел аралаңыз, ауылға барып қайтыңыз. Сүйікті ісіңізбен айналысыңыз немесе осы күнге дейін істеп көрмеген, бірақ қалап жүрген дүниеңізді жасаңыз. Жазды тиімді өткізсеңіз, демалыстан кейінгі жұмысыңыз да қарқынды жүреді.
Жаман емес!

Жауабыңызға қарасам, екі ортада шапқылап жүрген сияқтысыз. Жұмысқа барып, арасында демалып та қояды екенсіз. Дегенмен жаз басқа мезгілдерден ерекше маусым ғой. Сол себепті бір жылдық еңбегіңіз үшін өзіңізге "жарайсың" деп, еңбек демалысына шығуға рұқсат беріңіз. Сіздің биылғы жазыңыз көңілді өтетініне сенімдімін.

Әлеуметтік желіде бөлісу: