Басты бетЖаңалықтарБылтыр сұлулық...

Былтыр сұлулық салондары қанша ақша тапты?

Қазақстанның сұлулық индустриясы былтыр 89,9 млрд теңгеге қызмет көрсетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Мәселен, былтыр әйелдерге көрсетілген шаштараз қызметінің көлемі 28,5 млрд теңге болды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 4,1 есеге көп. Ал ерлер шаштаразы көрсеткен қызметтің жалпы сомасы — 10,6 млрд теңге. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 4,2 млрд теңгеге артық, — делінген хабарламада.

Бюроның мәліметіне қарағанда, маникюр мен педикюрді қоса алғанда көрсетілген косметикалық қызмет көлемі былтыр 22,2 млрд теңге болса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 10,4 млрд теңге болған.

Сұлулық салондарындағы өзге де қызмет көлемі 28,4 млрд теңге болды (2021 жыл – 11,2 млрд теңге).

Айта кетейік, 2023 жылғы маусымда шаштараз бен сұлулық салондарындағы қызмет бағасы былтырғы маусымымен салыстырғанда 15,1%-ке өсті.