«I am a singer» тележобасында бақ сынап, тартысты өнер көрсетіп жатқан отандасымыз Димаш Құдайбергенов байқаудың 10-кезеңінде өнер көрсетіп, үздік үштіктің қатарынан көрінді. Бұл кезеңде әнші Орал Байсеңгірдің сөзіне жазылған «Ұмытылмас күн» әнін қазақ, қытай тілдерінде орындап, байқаудың ақтық сынына жолдама алды. Димаштың бүгінгі орындауын көріңіз.

Ол байқаудың оныншы кезеңінде үшінші орын алып, ақтық кезеңге жолдама иеленді. Димаш бүгінгі күнге дейін жинаған ұпайларының арқасында жобаның келесі турына қатыспай, бірден финалда өнер көрсететін болды.

14 кезеңнен тұратын жобаның он кезеңі өтіп қойған. Оның үшеуінде Димаш Құдайберген бірінші орын алып, халқымызды қуантты.

9-кезеңде Димаш Селин Дионның All by myself әнін орындап, екінші орынды иеленген.

8 пікір

  1. Сөз жоқ керемет. Щедевр. Қандай керемет ән. Алла көмейіне бар мүмкіндікті берген періште дауыс қой бұл. Әлем әлі Димашпен мақтанатын болады. Алла тіл көзден, жамандықтан сақтасын. Қазақтың мақтанышы болып тек Үлкен сахнаның саңлағы болып еліңнің мерейін аспандата бер!!!

  2. Жарайсың бауырым қазақтың атын шығардың алла тіл көзден сақтасын ар қашан алға алла жар болсын биік шыңдардан көріне бер

  3. Қазақтың дара туған ұлы,Димашжан, дауысыңнан айналайын, саған айтсам, сөз жетпейді, керемет, ұлтыңның абыройын асқақтата бер, жаным!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!