Астана қаласы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы қала тұрғындарына көлік өртінің алдын алу жолдары туралы айтты. Ол жүргізушілерді уақтылы техникалық байқаудан өтуге шақырды. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты жазды.
Көліктегі өрттің негізгі бөлігі шетелдік өндірістегі автомобильдерде болады, ұзақ қызмет ету мерзімі де, бәсекелестік ортада техникалық тексерудің сапасыз жүргізілуі де әсер етеді.
Өздеріңіз білетіндей, қазіргі уақытта мемлекет тарапынан техникалық тексеруден өту тәртібін қатаңдату бойынша шаралар қабылданып жатыр. Соған орай, автокөлік иелерін электр сымдары мен отын беру жүйесінің техникалық жай-күйін қадағалауға, ақауларды жою бойынша уақтылы шаралар қабылдауға шақырамыз, — деді Еркін Отарғалымұлы.
Ол жабдықты орнатуға және оған қызмет көрсетуді тек мамандандырылған орталықтарда жүргізуге кеңес берді. Онда сапа кепілдігі тек сөзбен ғана емес, сақтандыру жағдайы басталған кезде де беріледі. Көлікте өрт сөндіргіш болғаны да маңызды.
ТЖД қозғалтқыштарды ашық отпен жылытуға (оттар, алаулар, дәнекерлеу шамдары, газ оттықтары), жарықтандыру үшін ашық от көздерін пайдалануға тыйым салынатынын ескертті.