Мемлекет басшысы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Руслан Жақсылықов әскерге шақырылатын азаматтарға кредиттік демалыс беру және білім алуға жеңілдіктер жасау үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.
Бүгінде 2,5 мың сарбаздың несиесі кейінге шегерілді және әскери қызметін өтеген 1,5 мың жауынгерге жоғары оқу орындарында оқуға орын бөлінді. Жыл басынан бері мерзімді әскери қызметін өтеп, запасқа шығарылған 700-ге жуық сарбаз жүргізуші, механик, машинист, слесарь, аспаз және басқа да еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім алды, — делінген хабарламада.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы Күштердің жауынгерлік дайындығын күшейту мәселесіне баса мән бере отырып, бірқатар тапсырма берді.