Ұлттық банк «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан TEMIRBEK JÚRGENOV.125 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.
Монеталар 2023 жылғы 26 шілдеден бастап Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы сатылады.
Банктің хабарлауынша, онета Қазақстанның мәдениет және өнер қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына орай шығарылды. Темірбек Жүргенов – Қазақстанның тұңғыш ағарту министрі. Оның атсалысуымен 1934 жылы Қазақстанда бүкіл Орталық Азия мен Қазақстанның алты ірі жоғары оқу орнының құрылысы бір мезетте бастау алды.
«TEMIRBEK JÚRGENOV.125 JYL монетасы МН 25 мельхиор қоспасынан дайындалған. Массасы — 15 грамм, диаметрі — 33 мм, дайындау сапасы brilliant uncirculated, номиналы — 100 теңгелік, таралымы — 10 000 дана», — делінген хабарламада.
Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылданады. Елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынады және аударуға, ұсақтауға және айырбастауға болады.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.