Каталондық клубтың 2017-2018 жылғы маусымдағы спорттық киімдерін танымал Nike компаниясы дайындайды. Осыған дейін де Nike дайындап келген болатын. Тек алдағы маусымнан бастап команданың ресми демеушісі ауысады.
Ал қазіргі уақыттағы «Барселонаның» жейдесіндегі бас демеуші — Qatar Airways. Команда жейдесінің алдына аты жазылатын жапон компаниясы бұл демеушілік үшін клубқа жылына 55 миллион еуро төлейді. Қос тарап төртжылдық келісімшартқа қол қойды.
«Rakuten» – әлемдегі ең үздік ондыққа кіретін интернет-компаниялардың бірі. Оның buy.com (Amazon мен eBay-ге негізгі бәсекелес) және play.com (Ұлыбритания) интернет порталдары бар. Компания 2014 жылы «Viber» мобилді мессенджерін қолданысқа шығарған.