Футболдан 2034 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өте ме? Министрлік жауап берді

Қазақстанда футболдан 2034 жылғы әлем чемпионаты өтпейді. Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

Мәдениет және спорт министрлігі қазақстандық футболды дамытуға ерекше назар аударады және осы бағытта жан-жақты қолдау көрсетеді. Алайда, Қазақстанда футболдан әлем чемпионатын өткізу туралы мәселе қаралмағанын, тиісінше, чемпионатты өткізу үшін біздің еліміз өтінім беруді жоспарламағанын мәлімдейді, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, БАҚ-да Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Барменқұлов 2034 жылғы футболдан әлем чемпионатын өткізу үшін Өзбекстанмен ФИФА-ға бірлескен өтінім беруді ұсынды деген ақпарат тарады.